ГЕПАТИТ — БАУЫРДЫҢ ҚАБЫНУЫ

1  085 көрілім

Оның A, B, C, D және E деген 5 түрі болады. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. Бәрінен қауіптісі – Е гепатиті. Оны ерте анықтау қиын. Сырқаттардың 90%  – өткір гепатитке шалдығады: мұндайда науқастың көзі мен терісі сарғаяды. Алайда, емделіп шыққан пациент бойында ауруға қарсы иммунитет пайда болады. Гепатиттің айқын әрі көпшілікке таныс белгілерінің бірі – сарғаю.

А және Е гепатиті вирусы жуылмаған азық-түлік арқылы, ал қалған түрлері жыныстық жолмен және қан арқылы таралады. Егер дұрыстап зарарсыздандырылмаса маникюр, татуировка жасайтын құралдардан, стоматологиялық және хирургиялық құралдардан да қауіп төнуі мүмкін. Тазалық сақтаған жағдайда вирус тұрмыстық жолмен таралмайды. В гепатиті анадан балаға жүктілік кезінде немесе босану барысында берілуі ықтимал.

Вирустан қорғанудың негізгі алғы-шарттары:

1. Таза ауыз су ішу

2. Тазалық гигиенасы ережелерін сақтау

3. Санитариялық шараларды арттыру (стерильденген инелер, ұстаралар, және  басқа медициналық құралдар)

4. Жыныстық-қатым қатынаста қорғану

5. Иммунитет көтеру.

Вакцина аурудың алдын алуға көмектеседі. Вакцина жасау керек пе, жоқ па? Вакцина мәселесінде жұртшылықтың пікірі екіге бөлінеді. Екпеге қарсылық білдіріп жүргендер олардың құрамында балаларды аутизм, диабет, склероз, бедеулік сынды ауруларға шалдықтырып, зейін қою қабілетін төмендететін заттар барын алға тартады. Алайда, БДСҰ мәліметінше, дәл осы иммундау шарасы жыл сайын 2-3 миллион адамды өлімнен арашалап қалуға мүмкіндік береді. Қазір A, B, D және E гепатитіне қарсы вакциналар бар. В гепатитіне қарсы салынатын вакцина D гепатитінің алдын алуға көмектеседі. Ал, С гепатитіне қарсы тиімді вакцина әзірге жасалған жоқ.

Қ.Серік,

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті инфекциялық және паразитарлық ауруларды  эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы