100 ЖЕР УЧАСКЕСІ АРНАЙЫ ҚОРҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ

766 көрілім

Түркістан қаласының прокуратурасы қала аумағында жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Талдау нәтижесімен кадастрлық құны 135 млн. теңгені құрайтын әртүрлі санаттағы игерілмеген және жалдау мерзімі аяқталан 100 жер учаскесі анықталды.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 35-бабының 5-бөлігіне сәйкес, жер пайдалану құқығында берілген жер учаскесін мемлекеттік меншікке қайтару, жасалған жер учаскесін жалдау немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану шартарына сәйкес, жүзеге асырылады.
Осы Кодекстің 81-бабы 3-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес, учаске берiлген мерзiмнiң өтуi жер пайдалану құқығы тоқтатылатын негіздердің бірі болып табылады. Енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде кадастрлық құны 135 млн. теңгені құрайтын әртүрлі санаттағы 100 жер учаскесі арнайы қорға қайтарылды.


Түркістан қаласының прокуратурасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы