ЗАМАНАУИ ОҚУЛЫҚТАР БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРЕДІ

737 көрілім

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Қоғамда кітапсыз өмір сүру мүмкін емес екендігі баршамызға аян. Кітап сапалы білім беретін құрал болып табылады, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлеміне еніп, баға жетпес құндылықтарын үйренеді.

Кітап – адамның нағыз досы. Кітап ең құнды – қазына. Оның айтары ішінде. Кітап ең жақын дос болғандықтан ол жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың әр беті тұнып тұрған ақыл.

Кітап біздің рухани азығымыз. Біз кітаптан нәр аламыз. Ғалымдардың айтуынша, кітап оқу рухани жетілуге ғана емес, тән саулығына да пайдалы екен. Бүгінде медицина ілімінде үлкен мидың жұмысы бүкіл ағзаға тікелей әсер етеді делінген. Тұлғаның өзін-өзі дамытуына ерекше ықпал етуші құрал -кітап, ал оның әлемі кітапхана. Бүгінде кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқып білу – нағыз өнер. Соншама сөздің, ойдың құдіретін түсініп, одан алған керемет әсерлерді кейінгі өмірлік қажетіне шама-шарқынша жарата білу қажет. Көз жетпейтін жерге ұшқыр ой жетеді. Ал, сол ойдың жүйріктігін жетілдіретін де, сөзге шешендігін шынықтыратын да, ең бастысы өмір сүруді үйрететінде де – КІТАП екені ақиқат. Демек, кітап оқу, бұл – текті кісілікке, адамгершілікке, кемеңгер көрегендік пен мәдениеттілікке қол жеткізу.

Осы орайда, 2022 жылдың 11 наурыз күні Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Алматы кітап» баспасының ұйымдастыруымен Қазақстандық ТорIQ.кz электронды оқулықтар платформасының 3Д форматта өте жоғары деңгейдегі тұсаукесеріне куә болдық. Еліміздегі білімді де білікті ұстаздарымыз, шетелдік спикерлер цифрлық білім берудегі өздерінің тәжірибелерімен көпшілікпен бөлісті. Бұл жиынды «Алматы кітап» баспасының директорлар кеңесі төрайымы Баталова Эльеонора Нығметқызының құттықтау сөзі мен қазіргі білім берудегі цифрлық технологияның тиімділігін паш етті. Заманауи аталмыш тұсаукесерге Қазақстанның түкпір-түкпір өңірлерінің педагогтері және шетелдік педагогтер де қатысты.

Біздің Түркістан облысынан Адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Жаңабаева Марина Сейдуалықызы, «Білім беруді дамыту орталығы» кітапхана ісі әдіскері Темірбаева Ақмарал Мейірбекқызы, «Созақ» мектебі, директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, информатика оқулығының авторы әрі информатика пәні мұғалімі Қадырқұлов Роман Алауұлы, Төлеби ауданы Алатау жалпы орта білім беретін мектебі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тастанов Әбдімүтал Жаңабайұлы қатысты. ТорIQ.кz электронды оқулықтар платформасының жаңашылдыққа толы идеялары білім саласына өте тиімді, маңызды екендігіне көз жеткіздік.

Электронды оқулықтар күнделікті қолданыстағы жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Оқу үрдісін дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, оқыту сапасын терең жетілдіру. Электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп өз бетімен практикалық тапсырмалар орындай отырып, мәселені түсінеді. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Меңгерілуі қиын тақырыптарды электронды оқулықтың сан-қилы заманауи әдістерінің көмегімен түсіндірсе, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы міндетті түрде артады. Екінші қырынан қарасақ, электронды оқулықтар оқушыларға ауыр сөмке асынып жүруден құтылуға да жол ашады. Алайда, тағы бір қыры – өткен материалдарды бірнеше рет қайталап қарауға, тыңдауға мүмкіндік береді.

Ақмарал ТЕМІРБАЕВА, Түркістан облысы, «Білім беруді дамыту орталығы» КММ, кітапхана ісі әдіскері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы