Түркістан қалалық «Nur Otan» партиясы қалалық филиалында бекітілген кестеге сәйкес, қалалық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Хабибулла Азимов қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауды қалалық партия филиалының консультанты Ануар Исабеков жүргізіп отырды.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың өтініштерін тыңдаған халық қалаулысы олардың мәселелерін жан-жақты қарап, оңды шешілуіне ықпал жасады. Қабылдауға келген үш азаматтың көтерген әлеуметтік мәселелері дер кезінде шешімін тауып, қала тұрғындары тарапынан қалалық мәслихаттың депутаты Х.Азимовке және «Nur Otan» партиясы қалалық филиалына өз алғыстарын жеткізді.