САУРАН АУДАНЫНДА ӘЗ-НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ӨТТІ

1  266 көрілім

Бүгін, Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Сауран ауданында Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі болып өтті. Жиынға Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің бірлестігінің төрағасы Тілес Төленбайұлы, Сауран аудандық кеңесінің аналар алқасының төрайымы Нышанкүл Жұманова, Сауран ауданының әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова қонақ болып қатысып, өздерінің ақ тілектерін жеткізді.

Шараның шымылдығын домбыра ұстаған серілер күмбірлете күй тарта ашып, өздерінің өнерлерімен тұрғындардың ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, Сауран ауданының “Асыл қазына” әжелер тобы мен аудандық эстрада және дәстүрлі әншілері өнерлерін ортаға салып, ән шырқады.

Арнайы қонақтар үшін киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылып, ас берілді. Кимешек киген қыз келіншектер мен ақ жаулықты аналарымыз Наурыз тойдың көркін ажарландыра түсті. Сонымен қатар, “Бабай-Қорған”, “Абай” , “Серт” секілді шалғай ауылдардан келген өнер майталмандары да күй тартып, өлең жырларын келген көпшіліке арнады.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы