ЖЫЛ БАСЫ – ӘЗ-НАУРЫЗ

1  006 көрілім

Түркі халқының Жаңа жылы әз-Наурыз да келіп жетті. Самарқанның көк тасын жібіткен, ағайындар-жақындар арасындағы дауды ұмыттырған мұсылмандардың жаңа жылы. Наурыз айының 21-нен 22-сіне қараған түні елді Қыдыр ата аралайды деген наным-сенім бар. Әрі сол күні күн мен түн теңеседі. Карантинге байланысты әз-Наурызды тойламағалы 2 жыл да өтті. Бір-бірімізге зиянымыз тимес үшін бұл мейрамды өз үйімізде қарсы алған жайымыз бар еді.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын қазақ халқы айрықша атап өтеміз. Ауыл-қала да болсын, салт-дәстүрлер жаңғырып, той-думанға айналады. Қазақтың ұлттық ойындары алтыбақан, асық ату, күрес, қыз қуу т.б. ойнатылады. Наурыздың ең басты тағамы наурыз көже дайындалады. Басты 7 дән: сүт, сүрленген ет, бидай, асбұршақ, жүгері, тары, күріш басқа да нәрлі дәмдерден жасалады. Одан бөлек дастарханда бауырсақ, тәтті-дәмдінің бәрі, ағарғаннан қойылады. Үлкендер астан дәм-ауыз тиген соң, “Ақ мол болсын” деп, бата қайырады.

Әр жыл өз жақсылығымен келетін әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын. Дастархандарыңыз молшылықта, көңілдеріңіз тоқшылыққа толы болсын.

Назерке ИБАДУЛЛА,

ХҚТУ, журналистика 4 курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы