КЕЛ НАУРЫЗЫМ!

774 көрілім

Ғажап едің сен неткен!

Кел, Наурыз! ән мен жырын тербеткен.

Кел, Наурыз! байтақ мынау еліме

Қазақ деген жомарт елге кел көктем.

Кел, көктемім,

Қадамыңа гүл бітсін!

Қыстың аяз, жел боранын үркітсін.

Табиғаттың тамырына нәр құяр

Бастауы сен тіршілік пен тірліктің.

Құтты болсын ұлы күні Ұлыстың,

Баспалдағы бұл наурызым ұлы істің.

Береке мен молшылықтың мезгілі

Біздер үшін бүгінгі күн ырыс күн.

Кел наурызым шуағыңа нұрланам,

Шабыт келер тебіреніп жыр жазам.

Жердің жүзі жасыл желек жер анам

Қызыл-жасыл құлпырады қыр далам.

Табиғаттың төрт мезгілі төрт түрлі,

Әз-наурызбен әдемі ғой бұл ғалам.

Жүрегімді жұлқып жатыр жырларым

Мен сайрайын, сен жаза бер қылқалам.

Ұлжалғас СҮЛЕЙМЕНОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы