Бүгін, Түркістан қаласындағы “Аманбай” спорттық кешенінде Шауғар мөлтек ауданының 1987 жылғы азаматтарының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған кіші футболдан турнир болып өтті.

Мерекелік шараға Түркістан облысының құрметті азаматы Рахым Тәңірбергенов, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Дәурен Тәңірбергенов, Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов қонақ болып келді. Жиын барысында Рахым Көлбайұлы мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушы жастарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, турнирге қатысушы жастар мен қонақтарға ас берілді.

Кіші футболдан ұйымдастырылған сайыс 1985-2005 жылғы жастар арасында тартысты өтті. Бірінші орынды 1993 жылғы қатысушылар иеленсе, екінші орынды 1988 жылғы, үшінші орынды 1996 және 1998 жылғы қатысушылар жеңіп алды. Сонымен қатар, үздік ойыншы, үздік шабуылшы, үздік жанкүйер деп танылған жастарға арнайы ақшалай сый-сыяпаттар берілді.
Шапағат ҒАЙБУЛЛА.
