Бүгін қаламыздағы «Фараб» кітапхансында әскери қолбасшы Кенесары Қасымұлының туылғанына 220 жыл толуына орай кездесу кеші өтті. «Хан Кене» атты тақырыпта өткен жиынға Қ.А Ясауи атындағы ХҚТУ-дің түркология институтының аға ғылыми қызметкері З.Жандарбек, профессор, тарих ғылымдарының докторы Х.Маханұлы, Кенесары ханның ұрпақтары Бөкихан Әріпханұлы, Абибулла Әріпұлы және зиялы қауым өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты.

Кенесары ханның батырлығы жайында бейне фильім көрсетіліп, сазгер Шерхан Әлібаев киелі қобыз үнімен Мағжан Жұмабаевтың көпшілік назарына үзінді жырларынан паш етті.

Жиын соңында сөз алған «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова өшпес өршілдігімен, қайтпас қайсарлығымен Кенесары хан қазақ елінің тарихта мәңгілік өшпейтінін оның есімі мен бейнесі қазақ тәуелсіздігінің ұраны болып қала беретіндігін жеткізді.
Арайлым Мейрамханқызы.
