Түркістан қаласындағы О.Жарылқапов атындағы ойын алаңында «2022 жыл – Балалар жылы» және «Жастар – нашақорлыққа қарсы» ұраны аясында футболдан жасөспірімдер арасында қалалық ашық біріншілігі өтті. Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмұхамбетәлі Бердашев жарыстың ашылу салтанатына арнайы келіп қатысып, жасөспірімдерге жылы лебізін білдірді. Жас теңбіл доп шеберлерін Наурыз мерекесімен құттықтады.
Түркістан қаласындағы №3 БЖСМ-нің ұйымдастыруымен өткен ашық біріншілікке көрші аудан-қалалардан 8 команда қатысып, жасыл алаңда шеберліктерін көрсетті. Тартысқа толы өткен жарыстың қорытындысы бойынша Түлкібастан келген жас өрендер мықтылықтарын дәлелдеп І орынға ие болды. Жүлделі ІІ орын алаң қожайындары №3 БЖСМ-нің футболшыларына бұйырды. Созақ ауданының жас аяқдопшылары ІІІ орынды қанағат тұтты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан кубок, медальдар тапсырылды.

Жарыстың жоғары деңгейде өтуіне кәсіпкер Мақсат Исабеков пен Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің директоры Айдос Абпазовтар демеушілік көрсеткенін айта кеткеніміз жөн. Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған спорттық шара мұнымен шектелмей, киелі қаламызда түрлі ұлттық спорт жарыстарымен жалғасын табуда.
Райымжан ӘЛІБАЕВ.