«УРАНҚУАТ» ЖШС-НА 5 МЛН. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

1  035 көрілім

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Уранқуат» ЖШС-ны тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік іс қозғады.
Әкімшілік іс «Уранқуат» ЖШС -ның заңды мекенжайына сәйкес Түркістан облысы Созақ аудандық сотына жолданды.
Сот талқылауының нәтижесімен Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабы 4-бөлігімен «Уранқуат» ЖШС -сі кінәлі деп танылып, 4 900 800 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қазіргі уақытта, соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ және субъект осы қаулыға шағым беруге құқылы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы