АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

790 көрілім

Ағымдағы жылдың наурыз айында Иордания елінің астанасы Амман қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында Азия құрлығының чемпионаты өтті. Азия құрлығының ең үздік спортшылары жиналған байрақты бәсекеге Ел құрамасы сапында Сарыағаш ауданының былғары қолғап шеберлері табысты өнер көрсетіп, тамаша жетістіктерге жетті. 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында 66 келі салмақ дәрежесінде Ақжар ауыл округінің тұрғыны Аружан Жаңабаева тамаша өнер көрсетіп, финалда иорданиялық спортшыны бірінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, екінші рет бұрымдылар арасында Азия құрлығының чемпионы атанды.

Сонымен қатар, 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Құркелес ауылдық округі тұрғыны Нәлібай Шұғыла финалға шығып, күміс медальды иеленді.Ал, 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында былтырғы жылы Дубайда өткен біріншіліктің чемпионы атанған Сарибарова Айда 75 келі салмақ дәрежесінде Азия құрлығының чемпионатында күміс медальға ие болды. Ауданымыздың жас спортшы қыздары екі жыл қатарынан халықаралық спорт сахнасында талай жетістіктерге жетіп, бүгінде ел намысын абыроймен қорғап еліміздің көк байрағын желбіретіп жүр. Бұл Сарыағаш қаласындағы №1 Қажымұқан атындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерлері мен спортшылардың аянбай тер төккен еңбегінің жемісі. Ауданымыздың жас спортшылары алдағы дүбірлі додаларда аудан, облыс абыройын асқақтатып, еліміздің көк туын желбіретіп, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы