АУДАНДА ОРТАҚ МАЛ ЖАЮҒА АРНАЛҒАН ЖЕР КӨЛЕМІ АРТҚАН

519 көрілім

Елді мекендер халқының малын жаю үшін ортақ пайдаланудағы жер телімдері бойынша:
Шардара ауданының 2021 жылғы жер қатынастары саласы бойынша жоспарланған үш жақты бекітілген көрсерткіштер тізбесіне сәйкес, ауыл шаруашылығы (жайылымдық) мақсатындағы жер учаскелерінің игерілуін қамтамасыз ету бағытында 11 150 гектар жоспарланып, 2021 жылдың I жарты жылдығында аудан әкімдігінің қаулысымен 5439,4 га жайылым жер телімдері елді мекендер халқының малын жаю үшін ортақ пайдалануға Шардара қаласы мен 10 ауылдық округтері әкімдері аппараттарына бекітіліп берілген.
2021 жылдың II жарты жылдығында Шардара ауданының Қоссейіт, Көксу, Ұзын-ата, Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент ауылдық округтері әкімі аппараттарына ауданның арнайы жер қорынан 8000 гектар жайылымдық жер телімдері уақытша ұзақ мерзімге 20 жылға жалға аудан әкімдігінің 14.12.2021 жылғы №350 қаулысымен бекітілген.
Нәтижесінде, 2021 жылғы жер қатынастары саласы бойынша үш жақты көрсеткіштер тізбесіне сәйкес, Шардара ауданы әкімдігінің қаулыларымен 13439,4 гектар ортақ мал жаю үшін беріліп, жоспар 120 пайызға орындалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы