ЖАУЫН СУЫНАН АРЫЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

674 көрілім

11–15 наурыз аралығында жауын-шашынның шамадан тыс жаууы салдарынан Жетісай ауданына қарасты қала, кент, ауылдық округтердегі тұрғын үйлердің ауласы мен көшелерге жиналған суларды қашырту жұмыстары жүргізілуде.

Аталмыш табиғи қолайсыздыққа байланысты алғашқы күннің өзінде-ақ Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлының басшылығымен жедел штаб отырысы өткізіліп, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілген болатын. Табиғи апатты болдырмау, адам шығынының алдын алу мақсатында жергілікті әкімдіктер, арнайы мекемелер жұмылдырылды. Қазіргі таңда 39 арнайы техника, 84 су сорғы нассостар, 200 ден астам қызметкерлермен, еріктілер жұмылдырылды. Орын алған қолайсыздықтарға байланысты ауданда 24 сағаттық кезекшілік ұйымдастырылған. Аудандық төтенше жағдайлар бөліміне, аудан әкімі аппаратына, жергілікті әкімдіктерге түскен хабарлама бойынша қажетті техникалар мен су сорғыш насостар жұмылдырылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.Қазіргі таңда тұрғын үйлерге келетін қауіп жоқ. Жағдай аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық әкімдік тарапынан толықтай бақылауға алынған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы