АРУЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1  074 көрілім

Түлкібас аудандық мәдениет үйінде «Өнерлі қыз-өнегелі ана» аудандық арулар байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқаудың мақсаты қазақ халқының төл мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, арулар бойындағы тектілікті, сабырлылықты, парасаттылықты, нәзіктікті кейінгі ұрпақ бойына дарыту.

Байқауға ауылдық округтерден 8 ару қатысып, бақ сынасты. Қыздарымыз 4 кезең бойынша сынға түсті: 1.«Мен қазақтың қызымын» таныстыру, 2. «Зерделінің ойы озық» сұрақ-жауап, 3. «Қыз еркем-ісімен көркем» тосыннан берілген тапсырманы орындау, 4. «Берекелі дастархан» тағамдардың дайындалуын көрсету байқау шарттары болды.

Байқауда арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен

Бас жүлдені Абілхайыр Ақмейір Кемербастау ауылдық округі,

жүлделі І орын Шамұрат Диана Келтемашат ауылдық округі,

жүлделі ІІ орын Ерғазықызы Сағыныш Азаттық ауылы,

жүлделі ІІІ орын Кенжебай Сымбат Рысқұл ауылдық округі,

жүлделі ІІІ орын Иманкул Салтанат Майлыкент ауылдық округі,

«Ақылды ару» номинациясы бойынша Тілеген Айжан- Түлкібас кенті,

«Өнерлі ару» номинациясы бойынша Қалдыбек Анель Шақпақбаба ауылдық округі,

«Инабатты ару» номинациясы бойынша Нұржан Мадина Састөбе кентінен иеленді.

Байқауға қатысқан аруларымызға аудандық мәдениет үйінің арнайы алғыс хаты мен қаржылай марапаты тапсырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы