ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНЫҢ АРУЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

1  060 көрілім

Түркістанда Теміржол саласындағы қайнаған тіршілікте ерлермен қатар еңбек етіп жүрген әйелдер қауымы да аз емес. Әрбір жолаушымен сөйлесіп, олардың қауіпсіздігіне жауап беру үшін бұл кәсіпке асқан сабырлық пен төзімділік қажет. Теміржол мамандарының қызметінің мақсаты- жолаушылар мен жүктерді тиімді тасымалдауды қамтамасыз ету. Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы теміржол вокзалында 10 әйел жұмыс атқарып келеді. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін кәсіпте 30 жылдық тәжірибесі бар әйел қызметкерлері де бар. Солардың бірі Нұрия Нұриманқызы мен Гүлжан Иманқұлқызы. Олардан бөлек, теміржол саласына өз үлестерін қосып жүрген Дария Бейсенбай, Гүлмира Қалдыбекова, Орынқыз Базылбекова, Алтынай Назарбек, Шарбан Ахабаева, Ақтолқын Жетібаева, Ақнұр, Айнұр Тұрсұнқұловаларда қызмет атқарып келеді.

Түркістан теміржол вокзалында жұмыс істейтін әйелдер қауымын көктемнің айтулы мерекесі 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Әйел-өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен тазалықтың қайнар көзі десек, қателеспеген болар едік. Еліміздің сән-салтанаты мен мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының үлесі бар. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін деп тілек айтқымыз келеді.

Ақбота ЕРГЕШБАЙ.

ХҚТУ, журналистика кафедрасының 4 курс студенті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы