Ана – тіршіліктің алтын арқауы. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын шашып тұрады. Өмірге сәби әкеліп, тағылымды тәлім беріп, бар мейірім, махаббатын төгеді. Келешекте ел мүддесі үшін аянып қалмайтын ұрпақ тәрбиелейді.
Осындай батыр аналарымыздың бірі де бірегейі қаламыздағы «Салиқалы әжелер» алқасының мүшелері Сауранбаева Таня Әбілханқызы және Ахметова Анар Қалдыбайқызы. Ардақты аналарымыз отбасының тірегі, ұл-қыздарының көз қуаныштары, немере-шөберелерінің мақтаныштары.
Анар Қалдыбайқызы 6 ұл, 3 қызды, Таня Әбілханқызы 6 қыз, 4 ұлды дүниеге әкеліп, өсіріп жеткізген алтын құрсақты аналар. Еліміздің өркендеп өсуі, көбеюі жолында үлкен үлес қоса білген асыл жандар, сіздерді көктемнің алғашқы күндерімен келіп жеткен халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жүздеріңізден шуақ кетпей, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіздер дейміз.
Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.