Құрметті ақ жаулықты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Түркі дүниесінің рухани астанасы атанған киелі шаһарымыз барлығымыздан осы атқа лайықты болуды талап етеді. «Әйел бір қолымен бесікті тербетеді, бір қолымен әлемді тербетеді» деген даналық ұлт тәрбиесінің өздеріңізден бастау алатынын айғақтайды.
Осы орайда, сүйікті қаламыздың экономикалық, әлеуметтік дамуына сүбелі үлес қосып, жас ұрпақтың бойына патриоттық үлгі-өнегені сіңіріп жүргендеріңізді ерекше атап өткім келеді. «Алып та анадан туады» демекші батыр да, ғалым да, небір даналар мен шайырлар аналар мен аруларды еңбектеріне арқау еткен.
Құрметті әз-әжелеріміз, асыл аналарымыз, қаракөз қарындастарымыз баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға ынтымақ-бірлік тілейміз. Көктем гүліндей жайнап, жасарып, құлпыра беріңіздер!
Н.ТҰРАШБЕКОВ,
Түркістан қаласының әкімі.
М.ТАҢҒАТАРОВ,
Түркістан қалалық мәслихат хатшысы.