«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», – деп дана халқымыз айтқандай, мен бүгін балама қазақ тілі мен математика пәндерінен қосымша сабақ беретін сүйікті апайы, Қ.Рысбеков атындағы №5 мектеп-интернаттың бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Көбеева жайлы шын ризашылығымды білдіргім келеді. Өзіміздің Шорнақ ауылының тумасы, осында өзі де үздік оқып, алғашқы еңбек жолын бала оқыту және тәрбиелеу саласына арнаған мұғалім 2013 жылдан бері балаларға бар күш-жігерін салып дәріс беруде.
Ақмарал апайдың балаларымызға сабақ беруде олардың қызығушылық-тарын оятқаны, кез келген уақытта көмек беруге дайын болып тұратын мейірімділігіне тәнті болдым. Айтып отырған мұғалімімнің басты мақсаты – барлық бала бірдей білім алса екен, жалқаулыққа немесе басқа да жағдайларға бой ұрмай, оқуды кейінгі орынға қоюына жол бермесе екен дейді. Оның қосымша оқу кезінде жетіспеушілікке байланысты бала оқи алмай қалмаса, қатарынан қалып кетпесе деген жанашырлығы бойынан есіп тұрады. Оның бала тілін қалыптастыруда қиындықтар мен шешу жолдарымен күресе біліп, олардың үйренуге деген құштарлық-тарын арттыруы, тақырыпты түсіну-лері үшін әртүрлі заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін қолданатындығы өз жемісін беруде. Ұстаздың қалалық семинарларға, олимпиадаларға оқушыларының белсене араласып, олардың жеткен жетістіктері, мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен марапатталғандары, өзінің «Білім үздігі» грамотасымен марапатталғаны осының дәлелі. Осындай саналы тәрбие беруде өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен, адамгершілік қасиетімен көзге көрініп, ел құрметіне бөленіп отырғаны белгілі.
Тілі кештеу шыққан баламның өз ұстазын үлгі тұтып, берген тапсырма-ларын бұлжытпай тиянақты орындауы, балалардың оқуға деген ынта-ықыласын білдіруі Ақмарал апайдың ерен еңбегі деп білемін. Терең білімді, жаны жомарт жанның ұжымда беделі асқақ. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі ету жолындағы бар жақсылық атаулының шыңынан көрі-нуі тиіс. Әріптестері қарапайым мінезі мен кәсіби біліктілігі үшін үлгі тұтып құрметтейтінін білеміз. Әрдайым көмек қолын созуға даяр, туған жері мен алтын ұя – мектебінің абырой-атағы үшін күш-жігерін аямайтын, өз жұмысын жетік білетін, білімін, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын қабілетті ұстаз. Ақылшы ретінде кейінгі жастарға жиған тәжірибесін үйретуден жалықпайды.
«Жақсы адам – Алланың нұры» демекші, жақсылық атаулыны ішкі жан дүниесімен қабылдап, өз бойындағы адалдық сезімін шәкірттеріне беруге ұмтылған ұстаз отбасында аяулы жар, бақытты ана, мейірімді әже. Жолдасы Амангелді де осы мектепте ардақты ұстаз. Екеуі үш ұл, бір қыз өсіріп, немере сүйген үлгілі отбасы. «Ана көрген тон пішер» дегендей қызы Фариза анасының жолын қуып, бастауыш сынып мұғалімі маманды-ғын иеленді. Міне, өзгелерге қолдау көрсете білетін, жылы жүрегімен жақсылық сәулесін шашып, мейірім шуағын төгіп тұратын ұстаздың біздің бүлдіршіндерімізді оқытып жатқанына біз ата-аналар өте қуаныштымыз.
Осы орайда, 1 наурыз – «Алғыс айту» күнін пайдаланып, мен ата-ана-лық алғысымды ардақты Ақмарал апа-йымызға және Қ.Рысбеков атындағы №5 мектеп-интернаттың ұжымына, сондай-ақ, жаңа ауданымыздың гүлде-нуіне атсалысып жатқан барша бел-сенді азаматтарымызға шынайы риза-шылығымды білдіргім келеді. Осын-дай ұстаздар барда, ел үшін еңбек етуге даяр мықты азаматтарымыз барда ба-лаларымыздың да білімі терең, келеше-гі жарқын болатынына сенеміз.
Ботакөз ЖЕКЕЕВА,
Шорнақ ауылының тұрғыны.