ӘЙЕЛДЕРГЕ ӘУЕЗДІ ӘНДЕР АРНАЛДЫ

1  358 көрілім

Бүгін, қалалық мәдениет үйінде, 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай салтанатты кеш өтті. Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен жиынға қалалық әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева, «Түркістан» газеті редакторының орынбасары Ләззәт Сарыбаева, «Фараб» әмбебап кітапханасының көрмелік бұқаралық ақпарат іс-шаралар секторы Пернекүл Нәлтаева және еңбек ардагерлері қатысты.

Іс-шара «Монро» модельдік агенттігінің қазақ үлгісіндегі сән көрсетілімімен бастау алып, мәдеиет үйінің әншілерінің әуезді әндерімен түрленді. Мерекелік кеште сөз сөйлеген мәдениет және дамыту бөлімінің басшысы Әбжаппар Сәкен аяулы аналар мен арулардың көктем шуағымен бірге көңілге қуаныш сыйлай келген халықаралық әйелдер мерекесімен барша ардақты аналарды құттықтады.

Жиын соңында қалалық мәдениет үйінің директоры Лиза Төлегенқызы көпшілікке өз ризашылығын жеткізіп, қонақтарға мерекелік сыйлықтарын табыстады.

Арайлым Мейрамханқызы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы