САДАҚ АТУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ТҮРКІСТАННАН БАСТАУ АЛДЫ

1  194 көрілім

Садақ атудан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты Түркістан қаласында басталды. Түркі əлемінің астанасындағы бұл жарысқа 9 команда мен 200-ден аса жастар қатысып жатыр. Қазақстан чемпионатының ашылу салтананына арнайы келген Түркістан облысы əкімінің орынбасары Сəкен Қалқаманов қатысушыларды құттықтады.

Тәуелсіз еліміздің төл перзенттерінің спортпен кəсіби тұрғыда айналып жатқанын жоғары бағалады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев өңірімізде садақ ату спорты дамып жатқанын атап өтті.

Республикамыздың түкпір-түкпірінен қатысып жатқан жарыста Түркістан облысының жастары жүлделі орындардан үмітті. Олар жарысты сəтті бастады. Түркістанда əлемдік деңгейде салынған спорт базалары садақ ату спортының жаңаша дамуына мүмкіндік ашуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы