ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

554 көрілім

Мемлекет басшысы, Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен партияның кезектен тыс 22-ші Съезі ел күткен маңызды өзгерістермен ерекшеленді. Күн тәртібіне саяси кеңеске өзгерістер енгізу мен модернизациялау мәселелері қойылған жиынға өңірлерден 400-ге жуық делегат онлайн режимде қатысты. 23 жыл бұрын Партияны құру туралы маңызды шешім қабылданған осы күні саяси ұйым жаңа атаумен қоғамның оң өзгерістеріне алып келетін жарқын жоспарларын жүзеге асыру бағытына бет алды.

Мемлекет басшысы, Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен партияның кезектен тыс 22-ші Съезі ел күткен маңызды өзгерістермен ерекшеленді. Күн тәртібіне саяси кеңеске өзгерістер енгізу мен модернизациялау мәселелері қойылған жиынға өңірлерден 400-ге жуық делегат онлайн режимде қатысты. 23 жыл бұрын Партияны құру туралы маңызды шешім қабылданған осы күні саяси ұйым жаңа атаумен қоғамның оң өзгерістеріне алып келетін жарқын жоспарларын жүзеге асыру бағытына бет алды. Делегаттардың бірауыздан қолдау білдіруі арқылы ұйым Жарғысына тиісті өзгерістер енгізілген жиында Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшісі Ерлан Қошанов партия атауын «Аманат» деп атау туралы ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысының тарапынан қолдау тапқан ұсыныс түгелдей дауыс беру арқылы мақұлданып, «Аманат» атауы Партияның жаңа бет-бейнесіне айналды. Төраға «Аманат» – ұлт үшін де, халық үшін де қастерлі ұғым. Бұл мемлекеттілік пен ұрпақ жалғастығын көрсетеді» деп жаңа атаудың маңыздылығы түсіндіріп, бұл тың өзгерістердің алғышарты болатындығын атап өтті.

Ежелден дана халқымыздың ұғымында маңызды мәнге ие бұл атаудың еліміздің басты саяси күшіне берілуі қай жағынан да құптарлық іс. «Аманат» атауы – елдің, қоғамның арасын-дағы қордаланған мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етіп, сайлаушылардың сенімін арқалаған Партияның шынайы бейнесін айқын-дап, алдағы жоспарларды сапалы атқаруға деген жауапкершілік жүгін еселеп отыр.

Әлем жұртшылығы аумалы-төкпелі қалыпта күн кешіп жатқан бүгінгідей уақытта мемлекеттік саясатты жүргізудің тиімді тәсілдері тәжірибеге еніп, елдің тұтастығын сақтау үшін қандай да болмасын өзгерістерге дайын болу қажеттілігіне тоқталған Президент ұйым атауынан бастап өзгерістер енгізу уақыттың қатаң талабы екендігін жеткізді.

Съез барысында атқарушы хатшы Асхат Оралов Партияны модернизациялауда айқын басмыдық беретін 7 негізгі бағытты ұсынды.

1. Халықпен қарым-қатынаста кері байланыс тиімділігін арттыру.

2. Жергілікті жердегі партия өкілдіктерінің беделін көтеру.

3. Партия жұмысында ашықтықты қамтамасыз ету.

4. Партиялық бақылауды арттыру.

5. Партия берген уәделерінің нақты іске асуы.

6. Қоғамның әр саласымен байланыс орната білу.

7. «Jas Otan» жастар қанатын қайта жаңғырту сияқты жүйелі түрде іске асыруды талап ететін бағыттар Партия жұмысын одан әрі жаңғыртудың негізгі бағдары болмақ. Өздеріңізге белгілі соңғы 10 күндікте Парламент Мәжілісінің депутаттары өңірлерге шығып, қоғамның түрлі санатын қамтитын тұрғындардың мәселесін тікелей тыңдады. Елдегі кезек күттірмейтін мәселелердің шешімін табуына мүмкіндік тудыратын бұл бағыттағы іс-сапарлардың саны мен сапасын арттыру алдағы жоспарлардың бір бөлігі ғана.

Сондай-ақ, жиын барысында Украинада болып жатқан жағдайларды тілге тиек еткен Мемлекет басшысы біз бұл жағдайда мәселенің бейбіт түрде шешімін табуына мүдделі екенімізді айтып, аталған мақсат жолында барлық қолдауға дайын екенімізді мәлімдеді. Осы орайда, ұстанып отырған саясатымыздың тиімді екендігін елге жеткізуде Партияның да алар орны айрықша екендігін айтып өтті.

«Мен үшін ең басты құндылық – Қазақстан Тәуелсіздігі. Осы жолда жауапкершілік жүгі қаншама ауыр болса да қаймықпаймын» деп өз ұстанымын шегелеп айтқан ел Президентінің барлық бастамасына қолдау білдіру – қоғамның негізгі бағдары болуы тиіс.

Б. ТӘЖІБАЕВ,

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, Фракция жетекшісі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы