САУРАННЫҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛЫНА МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ КЕЛДІ

1  176 көрілім

Сауран ауданына ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Абасов Қайнар арнайы іс сапармен келіп, Майдантал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы Мейрамбек Күнпейісов, партия төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков қатысты.

Ауылдық округ тұрғындары Майдантал ауылдық округіне отыз жыл ішінде мәжіліс депутатының келмегенін және Қайнар Бегалыұлының келгеніне қуанышты екендіктерін жеткізіп, ауылдағы өзекті мәселелердің шешім табуына үлес қосатынына сенім білдіретіндіктерін айтты. Кездесуде тұрғындар тарапынан табиғи газбен қамту, жастарға арналған спорт алаңшаларын салу, жаңа мектеп құрылысын жүргізу, жол салу мәселесі сияқты бірқатар мәселелер көтерілді.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов:«Әлеуметтік қоғамда саяси өзгерістер орын алуда. Бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енеді. Бұл өзгерістер шалғайдағы елді мекендердің мәселесін шешуге оң ықпал тудырады. Мемлекет басшысы елдегі байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтықты жақындату керек екенін айтты. Біз осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізуіміз керек. Халық пен билік арасындағы алшақтықты жою қажет. Менің сіздерге келгендегі мақсатымның бірі де осы. Сіздер көтерген мәселелерді көтеріп, жоғарғы билік өкілдеріне жеткізетін боламын»,-деді.

Аудан әкімі Ғ. Құрмашұлы: «5 елдімекенге табиғи газ бірінші кезекте беріледі. Оның ішінде Майдантал да бар. Сондай-ақ, Майданталда мәдениет үйі мен спорт алаңшаларының құрылыстары да жүретін болады. Ең шалғайда орналасқан ауылдық округ болғандықтан біз Майдантал тұрғындарына қолайлы жағдай жасауды алдыңғы кезекке қойып отырмыз»,-деді.

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Майдантал ауылдық округіндегі мектептің жағдайымен танысып, апатты жағдайда тұрған мектептің жай-күйін жоғарғы билік өкілдеріне жеткізетінін айтты. Сондай-ақ ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов Сауран ауданындағы іс–сапары барысында Шорнақ ауылдық округінде жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға 7 тұрғын қатысып, заңсыз жер қойнауын пайдалану, Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай тас жолынан мал өтетін өткел салу, темір жол бойынан жаяу жүргіншілер өткелін салу, Ескі Сауран елдімекеніне бұрылыс ашу сияқты бірқатар мәселелерді көтерді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы