БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

920 көрілім

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков алтын құрсақты аналарды қабылдап, құттықтау лебізін білдіріп ауданындағы көпбалалы 25 анаға құрмет көрсетті. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бөлінген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті. Ел демографиясына үлес қосып отырған ақ жаулықты 25 ана осы марапатқа ие болды.

Оның 7-еуі – «Алтын алқа», 18-і – «Күміс алқа» иегері. Бәйдібек ауданында 500-ге жуық «Алтын алқа» иегері және 1300-ге жуық «Күміс алқа» иеленген аналар тұрады. Сонымен қатар 200-ден аса «Батыр ана» мен 300-ге жуық І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар бар. 18 жасқа дейінгі 4 және оданда көп баласы бар аналар саны – 2186.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы