Түркістан облыстық Жастар орталығында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құрылғанына 4 жыл толуына орай, азаматтық қорғаныс саласы қызметкерлерінің арасында “Интеллект баттл” жобасы ұйымдастырылды. Облыс көлемінде өткен ойынға 17 команда қатысып, 7 раунд бойынша бақ сынады. Аталмыш шара облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Жүнісов Нұрғали мен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың құттықтауымен басталды.

Әр раунд 10 сұрақтан тұрды. Кезеңдер жалпылама, қазақ әдебиеті мен салт-дәстүр, төтенше жағдайлар саласы, Қазақстан тарихы, SHAZAM, Заңнама саласы, әлемдегі қызықты оқиғалар бойынша дайындалған сұрақтарды қамтыды.
Қатысушы топтарға ТО ТЖД бастығының орынбасары, полковник Ерік Темірханұлы, облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Сұлтан Бақытұлы, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің жетекшісі Төребек Байтас қазылық етіп, ойынға әділ бағасын берді.
Баттл нәжижесінде жүлделі 1-орынға Сауран ауданы ТЖБ құралған “Сауран” командасы, 2-орынға Түркістан қаласы ТЖБ құрылған “Тұран”, ТО ТЖД құралған “037 квартал”, 3-орынға Сайрам ауданы ТЖБ құралған “Сайрам сұңқарлары”, “ӨСжАҚ” ММ құралған “Жалын”, Арыс қаласы ТЖБ құралған “Арыстан” командасы ие болды.
Зияткерлік ойында білімі мен жылдамдығы ерекше көзге түскен қатысушылар Манас Сұлтанәліұлы, Рауан Нұрлыбекұлы және Болат Ерғалиұлы “Ең үздік ойыншы” номинациясын жеңіп алды.
Шара соңында ТО ТЖД бастығының орынбасары полковник Ерік Темірханұлы жобаның ұйымдастырушысы Гүлжан Серікқызы мен Жастар орталығына ризашылығын білдіріп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыстады.
Дәурен ТІЛЕУХАН
