- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
«Ет етке, сорпа бетке»,- деп, етті аса сүйсініп жейтін халықпыз. Дәмі тіл үйіретін қазы-қарта қазақтың ұлттық тағамы. Еттің денсаулыққа тигізер пайдасы да орасан зор. Мәселен, қой етінде А1, В12, В1 дәрумендері мол. Ал, жылқы етінің жүрек-қантамыр ауруларына, буын сүйектерінің сырқырауына, ішкі ағзаның дұрыс жұмыс жасауына тигізер әсері көп.
Иә, біз осылайша табиғи өнімдермен, бақшаның нәрлі дақылдарымен денсаулығымызды күтіп, таза ауамен тыныстап кеңдікте өскен ұлы қазақ ұрпақтарымыз.
Дегенмен қазіргі таңда күн санап көтеріліп жатқан ет бағасының тұрақсыздығының салдарынан, қараша халықтың басым бөлігінің ет сатып алуға қаражаты жетпей жүр. Ет бағасының шарықтауына не себеп? Бұл сұраққа бізде үңіліп көрген едік.

Президент Қасым Жомарт Тоқаев жергілікті билікке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын қымбаттатпауды тапсырды. Алайда, күнделікті тұрмысқа қажетті күріш, май, ұн, шекердің де бағасы біршама көрсеткішке көтерілген. Ал, ет өніміне келер болсақ, қала ішіндегі ірі сауда дүкендерімен жекелеген ет сататын дүңгіршектер сөресінде орналасқан ет бағаларын салыстырғанда мынадай көрсеткіштерге куә болған едік. Атап айтар болсақ Бекзат Саттарханов даңғылы бойында орналасқан «Магнум» сауда үйінде сиыр еті сүйекпен 3280 тг, сүйексіз 3530 тг, шегілген сиыр еті 2920 тг және қой еті 3140 тг, мойын еті 2825 тг. Ал, «Шапағат», «Әс-Сәләм» сауда дүкендерінде жылқы еті 2500 тг болса, сиыр еті 2400 тг. Сонымен қатар, жекелеген ет дүңгіршектерінде сиыр еті 2400 теңгеден саудаланып жатыр.
Қала тұрғындарына ет өнімінің сан-алуан түрін ұсынып келе жатқан орталық «Қуаныш» базарының ет павильонындағы бағалар өткен жылдармен салыстырғанда 500-600 теңгеге көтерілген. Мәселен қазының бағасы 3000 тг, жылқы етінің келісі 2500 тг, сиыр еті 2400 тг, қой еті 2300 . Саудагерлердің айтуынша базарда сауда жоқ, алушылар аз дейді. Екі ортада жүрген алып сатарлар жем шөптің қымбаттауын алға тартып, мал қымбаттады деп еттің бағасын өсіріп жатыр. Біз өз пайдамызға қалатын аз ғана мөлшердегі бағамызды қойып саудалаймыз,- дейді
Осы мақсатта жеке мал шарушылығымен айналысатын, шарушылықтың мән жайын білмек мақсатпен қаламыздың шетінде орналасқан «Нұр-Әсем» мал базарына да ат басын бұрған едік. Базар іші әдеттегідей ығы-жығы. Бірақ байқағанымыз қой мен ұсақ қозының саудасы ғана жүріп жатыр. Себебін білу үшін шаруа иелерін сөзге тартып көрген едік. Ысқақ Досымов ақсақалдың уақ мал шаруашылығымен айналысып келе жатқанына 30 жылдан астам уақыт болыпты. Айтуынша соңғы екі жылдың көлемінде жем-шөп бағасының қымбаттауы салдарынан шаруаның жұмысы бәсеңдеп тұрғанын айтты.
-Қойларды өріске айдап жаямыз, қыс мезгілінде екі-үш рет жем-шөп береміз. Өткен жылдармен салыстырғанда шөп бағасы 800,1000 теңгеден 1500 теңгеге сондай-ақ, жем бағасы 1600 теңгеден 2000 мың теңге көлемінде қымбаттап кетті. Қой уақ мал болғансоң оның жеке жұмыстары да көп. Базарға тасымалдау үшін жанармай бағасы да қымбат. Бізге қалатын пайда да мардымсыз,- дейді ақсақал.
Базардағы төрт түліктің бағасын салыстырмалы түрде сұрағанымызда қойдың жоғары бағасы 150 мың тг сойғанда 55-60 кг ет береді. Күйі төмен қойлар 50-60 мың 20-30 кг шығады екен.
Ал, Зеңгі баба төлінің бағалары бұзаулы сиырлар 300-250 мың. Бұзаулар 100-150 мың. Етті сиырлар 200-300 кг, арық сиырлар 60-70 кг береді. Жылқы бағасына келер болсақ, құлынды бие 600-700 мың, құнандар 300-400 мың. Тайлар сойғанда 160-170 кг, одан жоғары салмақтағылар 300-350 кг тартады. Сонымен жоғарыда айтқанымыздай жылқы саудасының болмай тұрған себебі де осы қымбатшылыққа тіреліп тұрғаны айдан анық көрініс. Қалтасы уақ малдың бағасын ғана көтеретін қарпайым халық, жылқы төлінің бағасын сұрап кеткені болмаса алып жатқандардың қарасы аз. Көтерген өзекті мәселемізге тұжырымды жауап алу үшін Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Нұрмахан Молдабаевпен тілдескен едік.
Өңірімізде 2021 жылы жауын – шашынның аз мөлшерде түсуінен қуаңшылық орын алды. Табиғи шөптер тапшылығының алдын алу мақсатында ауданға қарасты ауылдық округтерінде мал азығын дайындауға арнайы техникалармен жабдықталып, бригада құрылды және ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, мал қыстату науқанына қажеттілігіне қарай 308,2 мың тонна мал азығын жинау тапсырмасы берілген болса, жалпы жинақталған көлемі 330,2 мың тонна болып, 107%-ға құрады. Оның ішінде, жоңышқа-96,7 мың тонна, пішен-7,9 мың тонна, сабан 5,0 мың тонна, табиғи шөп-220,6 мың тонна жинақталған. Ал, қажетті мал азығын үнемдеу мақсатында 2021 жылы аудан бойынша 41000 гектар егіс алқабы жинақталып, шаруашылықтардағы барлық мал түрлері ауыл шаруашылығы дақылдары жинаған алқаптарға жайылды.
Ал, осы ағымдағы жылға жоспар бекітіліп, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер мал азығын қамтамасыз ету мақсатында 13 730 гектарға жоңышқа, сүрлемдік жүгері егуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтар болса «Дамира-Ерасыл» шаруа қожалығы заманауи технологияны пайдалану әдісімен жаңбырлатып суару құрылғысын орнату арқылы 150 гектарға жоңышқа егуді жоспарласа, «Түркістан Агро ХХІ» ЖШС-гі жаңбырлатып суару әдісімен көктем айында 110 га жоңышқа, 240 га сүрлемдік жүгері,«Ынтымақ Агро ХХІ» ЖШС-гі 313 га жоңышқа ал «Агро Жетістік» АШӨК жаңбырлатып суару әдісімен 36 га жоңышқа, 110 га сүрлемдік жүгері егуді жоспарлап отыр.
P.S. Осы жоспарлар іске асып егін алқаптары өздері міндеттеген нәтижеге қол жеткізсе, қазіргі таңдағы қымбаттап тұрған жем-шөп бағасы да тұрақталып, еттің де бағасы едәуір түседі деп сенеміз.
Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.