КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР ЖЫЛЫЖАЙ АШҚАН

915 көрілім

Келес ауданы, Абай ауылының тұрғыны Гүлнар Дүйсебаева өз үйінің ауласына “биогумус” өндіріп жатыр. Төрт баланың анасы кәсібін 2020 жылдың желтоқсан айында бастаған. Еңбегінің зейнетін 1 жыл 2 ай ішінде көріп, үй салған. Сонымен қатар, несиелерінің барлығын төлеп, баласына көлік мінгізген.

Жалғызбасты ана өзінің тұрғын үйінің ауласындағы жердің 2 соттығына жылыжайын іске қосып, 4 сотық жерде кәсібін дөңгелетіп, вермитехнология саласын дамытып отыр. Қазіргі таңда 2 сотық жылыжай қабырғаларына пластик бұйымдарын байлап, көкөніс өсіріп жатыр. Сонымен бірге қапқа 50% топырақ және 50% биогумус салып, картоп өсіріп, қалған бос жерден биогумус табиғи тыңайтқыштарын өндіруде.

Биогумус – табиғи тыңайтқыш. Оны қолданған кезде өнімділік 25-50% -ға артады. Вермикомпост арқылы жаңбырдың қалдықтары немесе калифорния құрттары орналастырылып, олардың көбеюі үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Осы арқылы кәсіпкер ана 2 сотық жерден 6 сотық жердің өнімін алып отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы