САЙЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ МАҢЫЗДЫ РӨЛ АТҚАРАДЫ

982 көрілім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен Үкіметтің алдында ел экономикасын тұрақтандыру және инфляцияны төмендету бойынша міндет тұрғанын баса айтты.

Қазіргі уақытта елімізде миллионға жуық азаматтың табысы ең төменгі күнкөріс мөлшеріне де жетпейтінін жеткізе келіп, өзінің тапсырмасы бойынша халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатқанына тоқталды. Бүгінгі күнгі басты мәселе халықтың табысын арттыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мен қатар лайықты жағдай жасау екені белгілі. Президентіміздің алға қойған тапсырмаларын орындау жолында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» cайлауалды бағдарламасының орындалуының маңызы зор. Осы бағытта аталған бағдарламаның Түркістан қаласы бойынша 2022 жылы жоспарланған төмендегі міндеттер тұр.

Экономикалық тұрақты аймақ бағыты бойынша:

– Лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құру;

– Өңірде тұрақты жұмыс орындарын құру үшін кешенді шаралар қабылдау арқылы бес жыл ішінде қалада 25 мыңнан астам жұмыс орнын ашу соның ішінде 2022 жылы 1000 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Қала тұрғындарының кірісін көбейтіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

– 2025 жылға дейін 100 мың тоннаға дейін сақтау мүмкіндігімен көтерме тарату орталығының құрылысын жүргізу;

– Қаладағы сауда үйлерінде азық-түлік бағаларының шектен тыс көтеріліп, жоғары болмауын қадағалау.

Кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша:

– «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жыл сайын 12 кәсіпкерге қолдау көрсету, 7 жобаны субсидиялау.

– «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 9 жаңа жобаны несиелендіру;

– 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілер үлесін 96%-ға жеткізіп, кәсіпкерлер санын 13 мыңға, ал ондағы жұмыскерлер санын 30 мыңға арттыру.

Туризмды дамыту бағыты бойынша:

– Қ.А.Яасауи кесенесі жанындағы тарихи-мәдени орталық құрылысын аяқтау;

– Жаңа туристік маршруттарды әзірлеу мақсатында күнделікті түйелер керуенімен Сауран қалашығына дейін 2-ден 4-ке дейін маршрут ұйымдастыру;

– Қ.А.Яасауи (Күлтебе, Молда Мұса, Жұма мешіті және т.б.) қорығының туристік обьектілері мен киелі орындарын дамыту;

Жайлы аймақ бағыты бойынша:

– 2022 жылы 60 автобус сатып алу;

– Қоғамдық көліктер санын 270 тен 470 ке жеткізу;

– Қала аумағында 6 бағдаршам орнату;

– 30 аялдама салу;

– 2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы 845 шақырымдық автомобиль жолдары 100% жөнделіп, қоғамдық көлік тасымалдау сапасын арттыру;

Таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағыты бойынша:

– Түркістан қаласы мен қала аумағына кәріз желілерін салып, сарқынды ағын сумен қамтамсыз ету үшін 7 аймақ бойынша 11 жобаның құрылысын іске асыру, атап айтқанда: «Отырар» секторында орамішілік кәріздік желісін салу, «Тұран» тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету;

– Шауғар секторында Ортақ тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету;

– Иассы секторында Ыждыхат тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету;

Тұрғын үйге қол жетімділігін арттыру бағыты бойынша:

– 2022 жылы 30 тұрғын үй 1800 пәтер беру;

– Көппәтерлі тұрғын үй аудандары мен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын құру;

– «7-20-25» және «5-10-20» бағдарламалары бойынша несиелік 3 тұрғын үймен қамтамасыз ету жобасын іске асыру;

Мұнымен қатар, қала халқының табысын арттыру мен тұрмыс тіршілігін жақсарту бойынша қала көлемінде арқарылар жұмыстар жүйелі түрде жоспарланып, жалғасын тауып келеді. Қалалық мәслихат депутаттары қала әкімдігімен бірлесіп, қала халқының тұрмысының жақсаруы мен экономикасының дамуына өздерінің сүбелі үлесін қоса беретініне сенім зор.

Мақсат Таңғатаров.

Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы