ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 100 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

891 көрілім

2021 жылы Қазығұрт ауданында, аудандық бюджет есебінен 807,2 млн. теңгеге 96,8 шақырымды құрайтын 36 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жаңабазар елді мекеніндегі 10 көшеге, Қаржан елді мекеніндегі 10 көшеге орта жөндеу жұмыстары атқарылған.

Биыл 69,5 шақырымды құрайтын 22 аудандық маңызы бар және ішкі жолдарға орта жөндеу жұмыстары қолға алынады. Сонымен бірге «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жігерген елді мекенінен 6 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге 154 млн. теңге қаралған. Облыстық бюджеттен елді мекендегі көпірлерді күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, Құларық, Шарбұлақ, Жігерген елді мекендеріндегі көпірлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда Өндіріс елді мекеніндегі Тастақсай көпірінің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы