Қалалық ардагерлер ұйымы «Салиқалы әжелер» алқасының төрайымы Қарлығаш Сейтжапбарованы 70 жас мерейлі мерекесімен арнайы құттықтап, «Ардагерлер қозғалысына қосқан үлесі мен көмегі үшін» медальмен марапаттады.

Қоғамдық естелік медалін ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов пен оның орынбасары Бақытжан Бейсембаев тапсырды.

Ардақты ана Қарлығаш Сейтжапбарованы жаңа жасымен құттықтап, тілектерін білдіре отырып, бағалы сыйлықты сыйға тартты. Бізде ардагер анаға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз.
Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.
