ЕКПЕ АЛЫП, ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ

1  238 көрілім

Түркістан облысы 28 қаңтардан бастап эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «жасыл» аймақта. 2022 жылдың басынан 14 ақпанға дейін облыста коронавирустық инфекцияның расталған 2653 жағдайы тіркелді. Бұл жерде айтып өтетін жағдай коронавирусқа шалдыққандардың басым бөлігі симптомсыз анықталуда. Яғни, симптомдармен – 858 анықталса, симптомдарсыз – 1795 анықталған. Эпидемиологтар аурушаңдық анықталған бойда ауру ошақтарында зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде жыл басынан бері тіркеуге алынған науқастардың көбісі 1225-і эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілгенде covid-19 жұқтырғанын білген. 410 жағдай аурулармен қарым – қатынаста болған. ОРВИ, пневмония симптомдарымен жүгінгендер – 815, 1428-і профилактикалық мақсатта тексерілгенде анықталған.Облыста соңғы апталарда инфекцияға шалдығу жағдайларының төмендеуі байқалады. Мәселен, ағымдағы жылдың 18-қаңтардан 14-ақпан аралығында 2 апталық интервалда КВИ аурушаңдығы – 1218 жағдайға азайған. Жыл басынан бері тіркелген 2653 коронавирус инфекциясына шалдыққандардың ішінде 548-і (20,6%) 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездесіп отыр. Одан соң 20-29 жас аралығы – 538 (20,3%), 30-39 жас аралығы-525 (19,8%), 50-59 жас аралығы – 329 (12,4%), 40-49 жас аралығы – 306 (11,5%) яғни жұмысқа қабылетті топтар арасында құрап отыр. 60 жастан жоғары – 289 (10,7%) жағдай, 15-19 жас аралығы – 118 (4,4%) құрайды.
«COVID-19» зертханалық расталған 2653 науқас бойынша 2242 ошақ анықталып, барлығында дезинфекциялық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Тіркелген инфекция ошақтары және қарым-қатынастағылар бойынша эпидемиологиялық іс-шаралар жалғасуда.
КВИ қарсы егуде облыс бойынша І – компонентпен 1 047 047 адам яғни, 100,1%, ІІ – компонентпен 1 044 185 адам егіліп 99,8 % қамтылды. Ревакцинациялау 304 425 адам егу алды. Оның ішінде 60 жастан асқандар -33 672, медицина қызметкерлері – 17 142, мұғалімдер – 23 521, созылмалы аурулармен ауыратындар – 3878, күштік құрылымдар – 2256, учаскелік полицейлер – 406, студенттер – 2988, жабық мекемелер – 82. Пфайзер вакцинасы 1 – компонентпен 175 988 адам 65,8%, 2 – компонентпен 113 449 адам 41,4 % қамтылған. Жоғарыда атап өтілгендей коронавирус инфекциясы жас талғап жатқан жоқ. Жасы да жасы ересектер де аталған дертке шалдығуда. Сондықтан барынша сақтық шараларын ұстану керек.
Түркістан облысында жыл басынан бері 96 азамат оқшаулау режимін бұзған. Коронавирус инфекциясымен ауырған азаматтар ҚР БМСД қолданыстағы қаулысы бойынша 10 күн үй карантинінде болады. Себебі, ем қабылдап жатқан науқастарды қоғамдық орындарға жібермеу арқылы COVID-19 инфекциясының таралып кетуіне жол бермеу, көпшілік арасында эпидемияны жұқтырудың алдын алу маңызды болып табылады. Облыста жыл басынан бері «қызыл» статустағы 90 азамат, «сары» мәртебедегі 6 азамат оқшаулау режимін бұзған. Қазіргі таңда 14 жеке тұлғаға оның ішінде Кентау-2, Жетісай-1, Түлкібас-3,Төлеби-2, Ордабасы-4, Сайрам-1, Сауран-1 жалпы соммасы 643 000 теңге айыппұл салынды. Қалған 76-на айыппұл салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы