АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

1  412 көрілім

Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай, қаламыздағы «Фараб» кітапханасында ауған соғысының ардагерлерімен кездесу болып өтті.

«Жоғары рухтың көрінісі» тақырыбындағы жиынға Түркістан қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, кітапхана оқырмандары және ауған соғысының ардагерлері қатысты.
Жиынды қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Бейсембаев ашып берді. Сонымен қатар, көпшілік назарына тарихта таңба болып қалған, ауғанстандағы сұрапыл соғыс жайында бейне фильм ұсынылды.

Ардагер Зәкір Абдірайымов және Нұрболат Бейсенов сынды батыр тұлғалар мен сұрақ-жауап жүргізіліп, өз ойларын ортаға салып, ұрыстағы оқиғалар мен ерліктері жайында естеліктерімен бөлісті.
Патриоттық іс-шара соңында Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бұқаралық көрмелік іс-шаралар секторының меңгерушісі, Пернекүл Сейтбекқызы келген қонақтарға алғысын білдірді.

Арайлым МЕЙРАМХАНҚЫЗЫ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы