ҚАЗЫҒҰРТТА 57 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛҒАН

1  122 көрілім

Қазығұрт ауданында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Қазірде аудан бойынша 61 ауылдың ішінде, 57 елді мекен ауыз сумен қамтылып, қамту көрсеткіші 93,4 пайызды құрап отыр.

2021 жылы 341,3 млн. теңгеге 14 елді мекеннің ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Атап айтсақ, Амангелді, Ызабұлақ, Шанақ ауылдарына мемлекет тарапынан 222 млн. теңге бөлініп, ауыз су жүйелерінің құрылысы жүріп жатыр.

Ол биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, жалпы аудан бойынша 59 елді мекен ауыз сумен қамтылып, алдағы уақытта қамту көрсеткіші 96,7 пайызға жетеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы