САРЫАҒАШТЫҚ ГҮЛДЕРГЕ СҰРАНЫС МОЛ

1  241 көрілім

Сарыағаш ауданындағы Дербісек елді мекенінің тұрғындары өздеріне тиесілі жылыжайларда гүлдің бірнеше түрін өсіруде. Жеке кәсіпкер Ауешов Махат Абдирахманович жалпы көлемі 2 га жылыжай аумағына раушан гүлінің бірнеше түрін, альстромерия, хризантема секілді сұрыпты гүлдерді өсіруде.

Бүгінде кәсіпкердің гүлдеріне сұраныс мол, яғни Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау сынды өзге қалалардан да сатып алушылардың қатары көбейген. Жеке кәсәпкердің гүл шаруашылығымен айналысқанына 20 жыл болған.

Кәсіпкердің айтуынша Наурыз айынан бастап, сабағынан қырқылған гүлдер сатылымға шығарылады. Гүлге сұраныс көп, сол үшін де гүл шаруашылығын жалғастыра беретіндігін жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы