Шардадара аудан прокуратурасының бастамасымен жекеменшік бала бақшалардың өзекті мәселелерін шешіп, жан жақты талқылап, олардың құқықтарын қорғау мақсатында кәсіпкерлік қызмет көрсету орталығында жиналыс өткізілді. Жиналысқа адами әлеуетті дамыту бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және «Атамекен» палатасы, жеке меншік бала бақша меңгерушілері қатысты.
Жиын барысында жеке меншік бала бақшаларының өзекті мәселелері тыңдалып, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жан басына қаржыландырылуы бойынша, кәсіпкерліктің тәуекелділік пен шығындары туралы, сонымен қатар мемлекеттік органдардың тексерулері тіркелгенін анықтау үшін «Qamqor» ақпараттық жүйесін қолдану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында аудан прокуратурасында мобильдік топ жұмыс жасауда. Мобильдік топқа 8705-324-92-12 және 8701-700-08-50 номерлері арқылы байланысуға болады.