КЕНТАУДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖАҢҒЫРТЫЛМАҚ

1  135 көрілім

Кентау қалалық “Құрылыс Кентау” ЖШС басшысы Талғат Искаков баспасөз брифингінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқандығын баяндады.

Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жоспарланып, 132 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары мердігер мекемелер тарапынан жасалған. Бүгінгі таңда Республикалық бюджеттен қаржы қаралып, 100 көпқабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары жүгізілді. 2014 жылы көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша тұрғындардың келісіміне сәйкес қалада 9 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары жөндеу жұмыстарынан өткен болатын, ал 2017 жылы 35 үйдің шатыры және жертөлесі толығымен жөндеуден өтті. Жалпы айтқанда бүгінге дейін қала бойынша 211 көпқабатты тұрғын үй жөндеу жұмыстарынан өткізілді. Қазіргі таңда қалған 92 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселесі бойынша құжаттар әзірленуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы