Кентау қалалық емханасында Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күніне орай ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне емхананың онколог, маммолог, гинеколог, хирург және дерматолог дәрігерлері қатысты. Қала тұрғындары білікті дәрігерлерден кеңес алып қана қоймай, УДЗ аппаратында диагностикадан өтті. Арнайы талонды қажет етпейтін бұндай ашық есік күні ауруды ерте анықтауға және диагностикалауға мүмкіндік береді. Ашық есік күнін 150-ден астам тұрғын қабылданып, диагностикаланды.

Жалпы қатерлі ісік аурулары аурушаңдық деңгейі бойынша дүниежүзі бойынша алдыңғы қатарда. Науқастар жиі мазалайтын белгілерді байқаса да, өткізіп алады дейді мамандар. Жалпы қатерлі ісіктің алдын алу және ерте диагностикалау мақсатында емханада жылдың басынан бері скринингтік тексерулер басталған. Скрининг барысында науқастардан тоқ ішектің қатерлі ісігін анықтауға арналған гемокульттесттер мен жатыр мойны қатерлі ісігін анықтау үшін ПАП-тесттер, сондай-ақ маммографиялық диагностикалар жүргізіледі. Скринингке қатысты барлық аппараттар Кентау қалалық емханасында жұмыс істеп тұр. Тексеру МӘМС жүйесіне қатысатын тұрғындар арасында тегін жүргізіледі.
