9 – ақпан «Шардара Армспорт» – күні деп белгіленген. Биыл Қол күрес спортынан алты құрлықты тізе бүктірген «Шардара Армспорт» спорт клубына 25 жыл толып отыр. Ең алғаш Шардара өңіріне қол күрес спортын алып келген, осы спорттың өңірімізде негізін қалаған Қарсыбаев Арман Романұлы. Арман Романұлы ең алғаш ауданымыздан қол күрестен облыс чемпионатына 12 спортшыдан тұратын құрама жасақтап, апарған болатын. Бүгінде «Шардара Армспорты» дүниежүзі бойынша ең мықты клубқа айналған.

Қазіргі таңда «Шардара Армспорт» клубында 500-ден астам спортшы тұрақты түрде жаттығады. Мұнда қол күреспен қатар гір көтеру, дзюдо, ауыр атлетика, каратэ, семсерлесу, найза лақтыру, ядро лақтыру, таэквондо, бокс, пауэрлифтинг сынды бірқатар спорт үйірмелері жұмыс істейді. Клубта 8 жастан бастап, ақысыз түрде кез келген адам спортпен айналыса алады. Сондай-ақ, мұнда жаттығатын балалар үшін тасмалдаушы автобустар қарастырылған. Айта кетсек, бүгінгі күнге дейін қол күресінен «Шардара Армспорт» клубынан 74- Әлем чемпионы, 83-Әлем чемпионатының жүлдегері, 26-Әлем кубогының иегері, 209-Азия чемпионы, 196-Азия чемпионатының жүлдегерлері, 50- Азия кубогының иегері, 359- Қазақстан чемпионы, 402- Қазақстан Республикасы чемпионатың жүлдегері, 85- спортшы Халықаралық турнирлердің жеңімпазы, 68-Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 120- Қазақстан Республикасының спорт шебері шыққан. Қазіргі таңда клубта бас-аяғы 35 жаттықтырушы жұмыс істейді.
