ДАСТАН ӘЛТЕЕВ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

1  281 көрілім

Дастан Әлтеев облыс әкімінің өкімімен мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысы қызметіне тағайындалды.

Дастан Әлтеев Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінде құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Арыс қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінде бастаған. 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің заң және кадрлар жұмысы бөлімінде, 2006-2012 жылдары облыстық қаржы департаментінің бас маманы, мемлекеттік сатып алуды және бір жолғы талондар беруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымын атқарған. 2012–2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының заң қызметі және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы, мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы болған.

2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2018 жылдан бері Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы