ТҮРКІСТАНДА «ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫНДА ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

1  381 көрілім

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында «Парасат» пікірталас клубынының VI кезекті отырысы болып өтті. Жастар тәрбиесіндегі олқылықтарды шешу жолдары және Қарабұлақ ауылдық округіндегі өзекті мәселелер күн тәртібінде талқыланды.

Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев, депутаттық фракция мүшелері қатысты. С.Қалқаманов тақырыпқа қатысты ой-пікірін білдірді. Қоғамдық диалогты орнатуда осындай басқосулардың маңызды екеніне тоқталды. Сайрам ауданында бастау алған «Парасат» пікірталас клубының жұмысы үлгі ретінде алынып, кездесулер облыстағы барлық, аудан, қалаларда жалғасын табатындығын жеткізді.

Жиында Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығының» басшысы Ж.Хамраев «Жастардың қоғамдағы рөлі, ұрпақ сабақтастығы мен аға буын өкілдерінің ықпалы» тақырыбында баяндама жасап, жастарға елін сүю, адал қызмет ету жөнінде үндеу жасады. Сайрам аудандық мәслихатының депутаты Мухиддин Сиддиков Қарабұлақ ауылдық округіндегі өзекті мәселелерді баяндады. Ұсыныстарын жеткізді. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жастарды дені сау, бойы таза, рухы мықты, отаншыл етіп тәрбиелеуге әрбір азамат жауапты екенін айтты. Жиында көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті жұмыс атқарылатынын мәлімдеді.

«Парасат» пікірталас клубынының негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, пікірталас алаңында жан-жақты талқылау, шешу жолдарын қарастыру. Саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету.Қазіргі таңда «Парасат» пікірталас клубының құрамына сайрамдық ел ағалары, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардан, саяси партиялар мен БАҚ өкілдерінен, депутаттардан және жастар қауымынан 43 азамат енген. Сонымен қатар клуб отырыстарының күн тәртібіне сай жергілікті құқық қорғау органдарының басшылары да қатысып жүр. «Парасат» пікірталас клубының келесі отырысында қаржы пирамидасы, жедел қаржы беру мекемелерінің заңсыз әрекеттері талқыланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы