САРЫАҒАШ: АУЫЛ КӨШЕЛЕРІ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛУДА

1  218 көрілім

Қызылжар ауылдық округі, Қызылжар елді мекенінде орналасқан Пошан Датқа көшесіне жергілікті тұрғындардың сұранысы бойынша электр энергиясын үнемдейтін жарықтандыру шамдары орнатылды.

Ауыл тұрғындарының кешкі мезгілде жүріп тұруына қолайлы жағдай жасап, түнгі мезгілде қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Мердігерлер тарапынан жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын 90 дана көше жарық шамдары жаңадан орнатылған. Жергілікті тұрғындар ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы