СПОРТШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІКТЕН АЙМАҚТЫҚ БІРІНШІЛІККЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

926 көрілім

Түркістан қаласы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде бокстан облыстық біріншілік сәтті аяқталды. Әр жылы дәстүрлі түрде өтетін былғары қолғап шеберлерінің сайысы ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылына орай КСРО-ның спорт шебері Пазылбеков Марат Мәдениетұлын еске алу мақсатында ұйымдастырылды.

2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында өткізіліп отырған жарысқа облыстың аудандарынан 350-ге жуық спортшы 20 салмақ дәрежесінде бақ сынады. Мәренің соңына қарай 80+ салмақта өнер көрсеткен Түркістандық Ерасыл Бақытжанұлы көрерменнің көзайымы болды. 2008 жылғы туылған жас спортшы шаршы алаңда қарсыласын нокаутқа түсіріп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

Алтын жұдырықты бәсекенің жеңімпазын анықтау 4 күнге жалғасып, спортшылар облыстық біріншіліктен аймақтық біріншілікке жолдама алды.

Қорытынды сөзде қаланың бас имамы Мухаммеджан Джумадуллаев Пазылбеков Марат Мәдениетұлын еске алып, спортшыларды жеңісімен құттықтап, алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы