ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 200 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ЕГІЛЕДІ

1  342 көрілім

2022 жылдың жоспарында қала аумағына 200-ден аса ағаш егу жұмыстары басталып кетті. Қазіргі таңда, климатқа бейімді интродуцияланған ағаш көшеттері – айлант, қарағаш, боз арша, акация егілуде. Сонымен бірге, күл ағаш, үйеңкі, жиде, ива ағаштары да шаһардың жасыл желегін көркейтеді. Бұл ағаштардың егілу аумағы – Ж.Майкотов көшесінің 29 гектарын, Айналма тас жолының- 15 гектарын, Кентау тас жолының 20 гектарын қамтымақ.

Сонымен қатар, Отырар мөлтек ауданы Желілік саябағындағы 2,9 гектар, Б.Саттарханов пен Қазыбек би көшелері аралығындағы 25 гектар жерге егіледі. Сонымен бірге, Төреқұлов көшесі мен Шатқал аймағында да көшеттер отырғызылады. Жалпы шаһарда – 600-ден астам ағаш бар. Оларға химиялық өңдеулер жасалып, стимулятормен, тыңайтқыштармен тыңайту жүргізіліп тұрады. Қысқы және жазғы күтімдері қадағаланып отырады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы