Қаламызда вируспен күрестегі вакцинациялауда «Sputnik V», “QazVac”вакциналары салынуда. Екпе егу нүктелерінде мамандар «Sputnik V», “QazVac” вакциналарымен қатар, «Pfizer» вакцинасын пайдалануда.«Pfizer» – коронавирусқа қарсы вакцинаның бұл түрін 12 жастағы және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін), лактация кезеңіндегі әйелдер босанғаннан кейінгі кезең аяқталған 42 күннен кейін) салдыра алады.

Неміс биотехнологиялық BioNTech компаниясы мен америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясының бірігуімен шығарылған. Қазіргі таңда аталған вакцинаны қалада 12 321 тұрғын ектірді. Одан бөлек, вакцинация қабылдағандар ревакцинация салдыруда. Ревакцинация не үшін қажет? Вакцина салғаннан кейін ағзада шамамамен үш апта өткенде коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Антидене вирусты анықтап, оған қарсы қалай күресу керегін біледі. Алайда уақыт өткен сайын ағзадағы антидененің мөлшері азайып, вирусқа қарсы қорғаныс нашарлайды. Мұның алдын алу үшін тағы екпе алу керек.Бұған қоса, вакцинаны қайта салдыру В-лимфоцит, Т-лимфоцит және Т-жад жасушасын түзіп, вирустың әртүрлі штамымен күреседі.Қазірде қалада ревакцинациялау 14 нүктеде жүргізілуде. Соңғы көрсеткіш бойынша 15 211 азамат ревакцинация ектірген.
