РУХТЫ ОЯТҚАН ПАТРИОТТЫҚ ШАРА

1  900 көрілім

Бүгін шаһардағы «Farab» кітапханасында «Уақыт бізді таңдады» атты   республикалық әскери-патриоттық іс-шарасы болып өтті.

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай, ұйымдастырылған шараға Ауған соғысының ардагерлері, мектеп оқушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты .

Жиында  Түркістан облысы Қорғаныс істер жөніндегі департементі бастығының орынбасары, подполковник Жандос Күлдербаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, облыстық  қоғамдық даму  басқарма басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов, Түркістан облыстық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Тұрғанбек Бегимовтар кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай,  ардагерлерімізді мерекесімен  құттықтап, халқымызға жасаған қызметі мен өнеге-тәрбиесіне  алғысын білдіре отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі.

Жастарымыздың бойына отаншылдық, рухани сабақтастықты дәріптеу мақсатында өткен шара барысында патриоттық әндер әуелеп, биден шашу шашылды. Сонымен қатар,  тарих беттерінде оқ пен от арасында өткізіп, тағдырдың жазуымен ерліктің үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы қаһармандарының өнегелі өмір жолдары бейнеролик арқылы дәріптелді.

Үмітбек Бағдат

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы