Аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен Сарыағаш қаласының аумағын көркейту жұмыстары бойынша жиын өтті.
Жиынға Түркістан облыстық «Арх Бюро» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің басшысы Е.Жүсіпов, оның орынбасары Н.Мусаев және сәулетші мамандары арнайы қатысып, аудан әкімінің ұсынысымен дайындалған эскиздік жобаларын таныстырды. Жиында Республикалық маңызы бар А-15 «Шымкент-Шыназ» тас жолының Сарыағаш қаласы арқылы өтетін бөлігін абаттандыру, Сарыағаш қаласы аумағындағы кептелістерді азайту мақсатында жол жиегін кеңейту және жолдың бойындағы нысандардың сәулеттік келбетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша эскиздік жобаларын іске асыру мүмкіндігі талқыланды.Көрсетілген жобалардың ішінен Республикалық маңызы бар жолдың бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің маңын абаттандыру және Майлықожа көшесі мен «Шымкент-Шыназ» тас жолының қиылысын көркейту бойынша ұсыныстар аудан әкімі тарапынан мақұлданып, тиісті жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Сарыағаш қаласы әкімдігі мен дербес бөлім басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі