
Клубтың ашылуында Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы Сауран ауданы бойынша алғашқы Еріктілер тобының маңыздылығы мен бағыты, бағдарларына тоқталып өтті. Жас еріктілердің бастамасына қолдау көрсетіп, аяқ алыстарының жақсы жетілуіне септігін тигізетіні жайлы атап айтты.

Еріктілер тобының қажеттіліктері мен жетілу жолына аса зер салып тоқталып өтті.
Атап айтқанда ұйымды қызметтік көлікпен қамтамасыз етіп, бірегей форма қарастырылатынын тілге тиек ете отырып сәттілік тіледі.
Аудандық Маслихат хатшысы Күнпейсов Мейрамбек Заманбекұлы да қатысып, еріктілерге жылы лебізін айтып, өз құттықтауын білдірді.
Сонымен қатар Сауран аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Айгерім Ералықызы ұйымға өз тілектерін білдіріп, Ұйымның басшысы Гүлбану Балтабайқызын таныстырды.

Аудан әкімі Ғани Құрмашұлы мен Аудандық Мәслихат хатшысы Күнпейсов Мейрамбек Заманбекұлы атынан жаңа құрылып жатқан “Жалын” еріктілер тобының жетекшісі Гүлбану Балтабайқызына ізгі тілектері мен қолтаңбалары қойылып,жазылған кітапты табыстады және жаңа құрылған ұйымға кино көрсетілім өтті.