ТҮРКІСТАН ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛМАҚ

4  302 көрілім

Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ұйымдастыруымен Түркістан облысының туризм басқармасы, «Атамекен», Визит орталығы, «Облыстық жас турист станциясы», ұлттық парктер, туристік компаниялардың өкілдерінің қатысуымен «Түркістан және Түркістан облысында туризм саласындағы ауқымды іс – шараларды іске асыру жөніндегі жобаларды талқылау» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Университет ректоры М.Мырзамадиева өңірде туризмді насихаттау бойынша міндетті тапсырмаларды бірлесе отырып, іске асыру бойынша күш біріктіруде іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Бұл кездесудің мақсаты қала әкімдігінің, сондай-ақ туризмді дамытуда және ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруда жауапты рөл атқаратын түрлі құрылымдардың бірлескен жұмыстары мен ұсыныстары тыңдалды.
Жиында ректордың мәлімдеуінше түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналған Түркістан шаһары жыл сайын миллиондаған туристерді тартуға қауқарлы. Туристер ең алдымен Қожа Ахмет Ясауи, Арыстанбаб кесенелеріне және басқа да тарихи орындарға баруға болады. Өңірде туризмді одан әрі дамыту және ілгерілету мақсатында туризммен байланысты барлық сабақтас салаларға серпін беру маңызды, олар: логистика, ауыл шаруашылығы, қонақ үй, мейрамхана бизнесі, ұлттық парктер, туроператорлық қызмет, кадрлар даярлау, бұл үшін барлық жағдай жасалғандығын жеткізді.
Бүгінде Түркиямен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен байланыстыратын халықаралық әуежай жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, «Rixos», «Hampton by Hilton» сияқты жаңа заманауи қонақ үйлер ашылды. Тек біздің қаламызда ең әдемі және тартымды «Керуен Сарай» кешені келуші қонақтарға өз қызметтерін ұсынуда.
Кездесу барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі фестивальдер мен іс-шаралар ұйымдастыруды ұсынды, сонымен қатар оларды жүзеге асыру жолдарын пысықтады. Басқосудың қорытындысы бойынша барлық қатысушылардың ұсыныстары мен идеяларын қамтитын ортақ жол картасын құруда барлық күш-жігерді біріктіре отырып, осы бастаманы қолдау туралы ортақ шешім қабылданды.
Халықаралық туризм және меймандостық
университетінің баспасөз қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары