ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 135 000-ҒА ЖУЫҚ ЖАСӨСПІРІМ ВАКЦИНА АЛДЫ

622 көрілім

Облыста 12 жастан бастап тұрғындарды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жалғасуда. 31 қаңтарда Comirnaty (Pfizer) вакцинаның бірінші дозасын алған жасөспірімдер саны 134 098-ге жетті, бұл вакцинациялануға жататын жасөспірімдердің 71,6 % құрайды, екінші компонентті – 63 910 жасөспірім салдырды, – деп хабарлайды Түркістан облысының СЭБД баспасөз қызметі.
Облыста жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 1-ші компонентін салдырғандар саны жалпы 150 907-ні құрады.
Сонымен қатар, 155 711 адам ревакцинациланды. Қазіргі уақытта облыс тұрғындары Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), «Sinopharm» «Спутник лайт» вирусқа қарсы вакцинацияларын таңдай алады. Ал, жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, 60 жастан асқан адамдарға және медицина қызметкерлеріне арналған Comirnaty (Pfizer) вакциналары қолжетімді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы