КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПIРIМДЕР ІСІ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

1  377 көрілім

Мәжіліске аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов, аудандық адами әлеуетті дамыту, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жауапты қызметкерлері, аудандық орталық аурухана, төтенше жағдайлар бөлімінің және құқық қорғау орган қызметкерлері мен әкелер мектебінің төрағасы мен мүшелері қатысты. Жиында негізінен күн тәртібінде тұрған үш мәселе баяндалып, талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ұзын ата мектебінің директоры Ә.Төреханова баяндама жасап, білім ордасындағы кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, екінші мәселе бойынша зейнеткер-ардагер ұстаз Н.Ыбрайым аудандағы әкелер мектебінің атқарған жұмыстарына баяндап, алдағы атқарылатын жұмыстардың жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы А.Мүтәлі аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы хабарлама жасады. Сондай-ақ, мәжіліс барысында комиссия мүшелері кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы мәселеді дер кезінде шешіп, оның алдын алу бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларын бекітті. Атап айтсақ: 1) оқу күндерi таңертеңгі және кешкi уақытта автомобиль көлiгiнiң ағыны көп білім беру ұйымдарының жанында жаяу жүргiншiлер өткелдерiнде полиция кызметкерлерінің күнделiктi кезекшiлiгiн ұйымдастыру; республикалық «REFRAME» тұлғалық дамыту орталығымен тығыз байланыс жасап, жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мiнез – құлықтың алдын алу бойынша аудандағы педагог – психологтардың жұмыстарын жандандыру; аудандағы кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу профилактикасы бойынша психиатор – дәрiгер мамандары мен педагог – психологтарымен бiрлесiп тиiстi жұмыстар жасау; барлық мектептерде балаларға отбасындағы , сондай-ақ құрдастары арасында қатаң қарым – қатынас пен зорлық – зомбылық мәніне тұрақты түрде сауалнама жүргiзудi қамтамасыз ету ( сауалнама жүргізу жөнiндегi жоспарды, сауалнаманың нәтижелері мен талдауын зерделеу ) мектеп оқушылары арасында әлімжеттік, зорлық – зомбылық , ақша жинау , сексуалдык сипаттағы қылмыстарды анықтау максатында жалпы білім беру мекемелерінде анонимді түрде сауалнамалар жүргізіп, нәтижесі бойынша нақты шаралар қабылдау; алкогольді сусындар, наркотикалық заттар, психотроптық және өзге де қатты әсер етуші заттарды тұтынатын кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстарын жүргізу; ауылдық жерлерде мектепішілік есепте тұратын және аз қамтамасыз етiлген отбасылардың балалары мен жасөспiрiмдердi спорт мектептерiне және секцияларына тарту; «тәуекел» тобына енген балаларды анықтап, олармен құқық бұзушылық алдын алу шараларын ұйымдастыру, психологиялық кеңестер жүргізу; білім беру ұйымдарының ғимараттары мен аумағына бөгде адамдардың болмауының тәртібін қамтитын білім алушылардын кауiпсiздiгi шараларын күшейту; аудандық орталық ауруханасының кызметкерлерiмен бiргелесіп мектептерде құрылған наркопостардың жұмыстарын жаңғырту; оқушыларға Шардара су қоймасы жағалауы және каналдар мен өзендердегі мұзайдандырына жүруге қатаң тиым салынып, олардың ата – аналарына қауiпсiздiк шараларын сақтау туралы қатаң бақылауға алынсын; аудандық орталық аурухана медициналық қызметкерлерiмен бiргелiкте мектептегі қыз балалар арасында кездейсоқтық жүктіліктің, ерте некеге тұрудың алдын – алу мақсатында отбасындағы кыз баланың тәрбиесін ата – аналармен бірге талқылап, қыздар кеңесі, жиындар, дөңгелек үстел, семинар, дәріс сабақтар ( ата – ана , ұстаз , дәрігер ) әртүрлі форматтағы жұмыстары жандандарылсын; 2) оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мектепішілік ата-аналар жиналыстары мектеп полиция инспекторларымен учаскелік полиция қызметкерлерінің қатысуымен әр оқу тоқсанының қорытындысы бойынша әртүрлі форматта, оның ішінде онлайн режимінде тұрақты түрде өткізілсін. 3) комиссияның жауапты хатшысы А.Мүтәлі комиссияның қабылданған хаттамалық шешімдерінің белгілінген мерзімде орындалуын қатаң бақылауға алып, талдау жасап, орындалуы жөніндегі мәліметті әр тоқсан сайын комиссия мәжілісінде хабарлап отырсын. Комиссияның қабылданған шешімінің орындалуы бойынша мәліметті аудан әкімі аппараты ұйымдастыру – инспекторлық бөліміне жазбаша және электронды түрінде 2022 жылдың 8 ақпанына дейін тапсырылсын және осы шешімнің орындалуын бақылау комиссиянын жауапты хатшысы А.Мүтәліге жүктелсін.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы